Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Яссауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық конференция өтті. Конференция барысында ғалымдар мен сарапшылар Яссауи ілімін жан-жақты талқылап, оның тарихи және рухани құндылығына тоқталды. Басқосу қорытындысында Яссауи мұрасының бүгінгі қоғам үшін тәрбиелік мәні кеңінен айтылды.

