21 Апр 2026, Вт

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА – 20 ЖЫЛ

Қызылорда облысының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған күннен бері 13 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алған. Бұл – жай ғана сан емес. Оның артында күнделікті өмірдің маңызды мәселелерін бұрынғыдан да тез, қолжетімді әрі оңай шеше алған көптеген азаматтардың жұмысы бар. Қызылордада өткен халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында осы саланың үздік қызметкерлері марапатталды.