22 Апр 2026, Ср

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «ҚР Конституциясы: бастаулары, теория және заманауи тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты.