Қаладағы жеке сектор аумағында санитарлық талаптардың сақталуын және тұрғын үйлердің қасбет түрін ретке келтіруді бақылау мақсатында құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік тексеріс жүргізді. Аралау барысында бірнеше көшеде заңбұзушылықтар анықталып, тұрғындарға тиісті ескертулер жасалды.

