Сыр шаһарында қазақ ән өнерінің аңызы, сахнаның символына айналған Роза Рымбаева өзінің «50 жыл сахнада» атты мерейтойлық концертін өткізді. Өнер кеші нағыз халықтық мерекеге айналды. Сыр өңірінің тұрғындары ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандар кештің куәсі болды.

