Жамбыл облысында сотталғандарды еңбек арқылы қайта әлеуметтендіруге бағытталған бірегей жоба іске қосылды. Қапас қабырғасының орнын — өндіріс цехы, күзетшінің орнын — тәлімгерлер басты. «Жамбыл жиһаз фабрикасы» ЖШС бір кезде сүрінген, бірақ өмірін жаңадан бастауға бекінген жандарға өз есігін айқара ашты. Бүгінде он сотталушы бұрынғы бірсарынды күн тәртібін қарқынды оқу бағдарламасына ауыстырды. Бір ай ішінде олар жұмсақ жиһаз жасаудың қыр-сырын меңгеріп, нарықта сұранысқа ие мамандық алуға мүмкіндік алады.

