27 наурыз – Халықаралық театр күні. Адам жанының айнасы саналатын киелі өнер ордасы – театр бүгін де руханияттың алтын діңгегі ретінде қоғамда маңызды рөл атқарып келеді. Айтулы мерекеге орай Қызылордада театр саласының бүгінгі тынысы мен жетістіктері кеңінен талқыланды.

