Түркістан төрінде ел қауіпсіздігінің тірегі болар жас буынның біліктілігі сынға түсті. Өңірде Ұлттық ұлан сарбаздарының жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді оқу-жаттығу жиыны өтуде. Бұл тек тәртіпті тексеру емес, сонымен қатар заманауи қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру кезеңі. Командалық үйлесімділік пен тактикалық шеберлікке негізделген дайындық барысын тілшіміз бақылап қайтты.

