20 Апр 2026, Пн

РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

15 наурыз жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл науқан жай ғана дауыс беру емес, бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бастауы. Осы маңызды оқиға қарсаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері халықты ақпараттандыру мақсатында Жамбыл ауданына келіп, бірнеше еңбек ұжымдарымен кездесті.