Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған ауқымды шаралар жалғасуда. Солардың бірі «Евразия» спорт кешенінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «JASTAR CUP II» республикалық кіші футбол турнирі салтанатты түрде ашылды. Дода жастар ресурстық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлікті арттыруды мақсат етеді.

