20 Апр 2026, Пн

ҚЫСҚЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызды болғандықтан, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірдегі өзен-көлдерде профилактикалық рейд жүргізді. Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, тиісті нұсқаулықтар берді.