20 Апр 2026, Пн

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Қызылордада «Бірлігі бекем Сыр елі» атты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Адал азамат» жобасының жетекшісі, Қарағанды облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков және Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мүбарак Жинақбаева арнайы қатысты. Облыс әкімінің орынбасары атаулы жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.