Жамбыл облысында көші-қон қызметкерлері көп жылдар бойы құжат мәселесін шеше алмай жүрген азаматтарға көмек көрсетті. 1957 жылы Қырғыз Республикасында туған Фатима Акопян 1993 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, 7 баланы өмірге әкелген ана тарихи және құжаттық қиындықтарға байланысты 33 жыл «азаматтығы жоқ тұлға» мәртебесінде болған. Полицияға жүгінгеннен кейін қызметкерлер оның құқықтық мәртебесін тексеріп, Қырғыз елінен жеке басына қажетті құжаттарды сұратып, жинап, рәсімдеуге жәрдемдесті.

