Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің дарынды мектеп түлектерімен арнайы кездесу өткізді. Еркін форматта өткен басқосуда үздік оқушылардың жетістігі сөз болып, олардың білім мен ғылым жолындағы ізденісіне жоғары баға берілді. Аймақ басшысы дарынды жастардың табысы — облыстың мерейі екенін атап өтті.
Ақпараттық порталы

