Түркістанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды. Бастама Мемлекет басшысының Халықаралық еріктілер жылы аясындағы тапсырмасы және «Тазару күні» жобасының жалғасы ретінде жүзеге асуда. Акция мәдени мұраны сақтау мен экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

