21 Апр 2026, Вт

МІНДЕТТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІН ӨТЕГЕН САРБАЗДАР ТАРАЗҒА ОРАЛДЫ

Тараз теміржол вокзалында бір жылдық мерзімді қызметін абыроймен аяқтаған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды. Оларды оркестр әуенімен, гүлдермен, құшақ жая қауышумен және қуаныштан туған көз жасымен қарсы алған тұрғындардың сезімі ерекше болды. Бұл жігіттер Отан алдындағы борышын адал атқарып, Тараздың даңқын асырды. Өйткені оның азаматтары – Отан қорғау сияқты маңызы зор міндетті сеніп тапсыруға болатын қайсар жандар.