10 Май 2026, Вс

МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдегі мемлекеттік мүлікті тиімді ету және экономиканы либералдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық негізінде жүзеге асырылып келеді.