Аймақта көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл аталған мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 10 миллиард 200 миллион теңге қаржы бөлінген. Жоба аясында 176 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта нысандардағы құрылыс-монтаж және іске қосу-баптау жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындады.
Ақпараттық порталы

