Қызылордада жастар мен креативті индустрия өкілдерін біріктірген ерекше интеллектуалды алаң – «CREATIVE IQ: Креаторлар додасы» өтті. Шара Отбасы орталығында ұйымдастырылып, қатысушыларға өз білімдері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді. Байқаудың басты мақсаты – жастардың зияткерлік деңгейін арттыру, креативті ойлау мәдениетін дамыту және ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу.

