Сыр елінде қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. «Өнер орталығында» ұйымдастырылған шараға қоғам және мәдениет қайраткерлері, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері, Парламент депутаттары мен композитордың жақындары қатысты. Кеш барысында халық жүрегінен орын алған мәңгілік әндер орындалып, сазгердің өнер жолына арналған бейнематериалдар көрсетілді. Толығырақ әріптесім тарқатсын

