Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ұйымдастырылып, өңір аумағындағы көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталды. Іс-шараға облыс бойынша 336 полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардың қатарында көші-қон, учаскелік, криминалдық, ювеналдық және патрульдік полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ 49 ұтқыр топ құрылып, шетел азаматтары көп шоғырланған нысандар тексерілді. Толығырақ әріптесім Қарақат Пәрімбек тарқатады.

