21 Апр 2026, Вт

ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЛҒАН АВТОБУС АНЫҚТАЛДЫ

Мерке–Шу–Бурылбайтал автожолында полиция қызметкерлері Van Hool маркалы автобусты тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының барлық орындықтары алынып тасталып, толықтай жатын орындарға қайта жабдықталғаны анықталды.Көлік құралдарының құрылымына мұндай өзгерістер енгізу, әсіресе жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.