20 Апр 2026, Пн

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ОТБАСЫНЫҢ ТАБЫС КӨЗІ

Халықтың басым бөлігі ежелден мал шаруашылығы мен егін шаруашылығымен айналысатын Қордай ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жаңа салалары қарқынды дамып, қосымша табыс көзіне айналып келеді. Соның бірі – жылыжай шаруашылығы. Бүгінде шаруалар кішігірім жер телімін де тиімді пайдаланып, лайықты өнім алып, тұрақты табыс әкелетінін іс жүзінде дәлелдеуде. Мәселен Көктөбе ауылының тұрғыны Дүйсен Абдралиевтың кәсібі.