Бүгін қала әкімінің төрағалығымен актив отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформаларды іске асыру. Атап айтқанда, қатысушылар парламенттік жаңғыру барысын және оның жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға тигізетін әсерін талқылады.

