21 Апр 2026, Вт

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жібек жолы ауданында конституциялық реформаны талқылауға арналған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта құрылған арнайы жұмыс тобы №6 «Жаншуақ» емханасының ұжымымен кездесу өткізіп, елдің жаңа Негізгі заңына енгізілетін негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне алдағы өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді.