20 Апр 2026, Пн

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Күні кеше Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында жаңа Конституция жобасын ақпараттық-түсіндіру мақсатында спорт саласы өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етті. Кездесуге облыс аумағындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт ұйымдарының жаттықтырушылары қатысты.