Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған екі ірі инвестициялық жобаның құрылыс барысы мен іске қосылу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы «TRZ Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «НұрИнвестХолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан ет өңдеу зауыты мен заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылыс алаңдарын аралады. Жобалардың жалпы құны – 5,1 миллиард теңге. Олар тараз Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қарыз қаражаты және компаниялардың жеке инвестициялары есебінен мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылуда.
Ақпараттық порталы

