Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаны қорғау, зиянды шығарындылар мен қалдықтарды азайту және экологиялық заңнаманың сақталуын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Осы бағытта департамент мамандары Болашақ университетінің студенттеріне экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында арнайы экосағат өткізді.

