15 Ноя 2026, Вс

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласындағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Бақытты бала – бақытты ел» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған мереке балалар үшін ерекше қуанышқа толы күнге айналды. Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл күй мен шаттыққа толы атмосфера қалыптастырды.