15 Ноя 2026, Вс

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Тараз төрінде ерекше балалардың жүзіне күлкі ұялатқан шуақты күн. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Балалық шақ – бақыт әлемі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл игі шараға қала бойынша 300-ге жуық ерекше бала қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады.