Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйге толы мереке Тараз қаласында кең көлемде аталып өтті. Жібек жолы ауданындағы «Даңқ» аллеясында ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара балаларды қорғау күніне арналды. Мерекеге ата-аналар, бүлдіршіндер және қала тұрғындары қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған думанды кештің куәсі болды.
Ақпараттық порталы

