15 Ноя 2026, Вс

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

«Балалар жылы» аясында өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері алдыңғы орынға шықты. Жамбыл облысында полиция департаменті білім беру ұйымдарымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы Полиция департаменті Ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Азат Пирматов баяндады.