Өз өмірін спортқа арнаған, қазақ боксының саңлағы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, абыройлы спорт қайраткері Жұмахан Нұғымановтың мерейлі 70 жылдық мерейтойына орай, аймағымызда ауқымды халықаралық кіші-футбол турнирі өтті. Бұл жарыс спортқа деген құрмет пен ардагерлік рухтың салтанаты. Сайысқа барлығы 8 команда қатысты, олардың арасында Қазақстанның әр өңірінен келген мықтылармен қатар, Қырғыз Республикасынан келген бауырлас елдің спортшыларыда болды.

