Күні кеше Меркі ауданында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мереке алдымен аудан орталығындағы Орталық саябақта орналасқан «Анаға тағзым» ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов пен зиялы қауым өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аналарға құрмет көрсетті.

