Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйінде» ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Оған Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков қатысты. Кездесуде ел дамуының жаңа кезеңі мен Конституциялық реформаның маңызы кеңінен талқыланды.

