9 Май 2025, Пт

ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тараздағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында 75 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі балалар мерекесінде аймақ басшысы орталыққа арнайы ат басын бұрып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, 2 түлекке 1 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.