САРЫСУДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
31 мамыр – Қазақстан халқы үшін санадан өшпес қаралы күн. Алаш арыстарына, ашаршылықтың құрбанына айналған сан миллион адамзаттың рухына тағзым етіп, еске алу күні. Осыған орай Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.