7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жібек жолы ауданындағы №18 орта мектепте мерекелік іс-шара өтті. Мұғалімдер мен тәлімгерлер оқушылар үшін ерекше атмосфера қалыптастырды – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген жандарға деген құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар бейбіт өмірдің қадірін шынайы түсініп, Отан қорғаушыларға тән батылдық, ар-намыс және жауапкершілік секілді қасиеттерді биік адамгершілік құндылықтар ретінде қабылдады.

