ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы Гродекова ауылына барып, газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, ағымдағы жылы 12 желтоқсанда сағат 21.00-лер шамасында Жамбыл ауданы Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистралды 325-тік газқұбыры істен шыққан болатын. Соның салдарынан бес елді мекендегі 980 үй газдан ажыратылған.