10 Май 2026, Вс

Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда облысында экологиялық бағыттағы маңызды шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Таза Қазақстан” және “Адал азамат” жобалары аясында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — су ресурстарын үнемдеу, табиғатты қорғау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағытта оқушылар Сырдария өзенінің жағалауында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

СЫР СПОРТЫ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРІЛДІ

Сыр өңірінде спорт саласы қарқынды дамып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инфрақұрылымдық жобалар мен «Қайсар» футбол клубының жаңа даму бағыты таныстырылды. Әсіресе, клубтың жекеменшік басқаруға өтуі – саладағы маңызды өзгерістердің бірі.

СЫР ӨҢІРІНДЕ ХАКАТОН ӨТТІ

Қызылорда қаласында жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар идеяларды қолдауға бағытталған AMANAT IDEATHON хакатоны өтті. Бұл бастама — жас буынның тың идеяларын нақты жобаларға айналдырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға жол ашатын бірегей алаң.

ЧЕСТВОВАНИЕ ПРИЗЕРА ЧЕМПИОНАТА МИРА

В «Тараз-Арене» чествовали бронзового призера молодежного Чемпионата мира по таэквондо Ерзата Ерасыла. На турнире в Ташкенте наш земляк открыл медальный счет сборной Казахстана. Для 16-летнего Ерзата это был дебют на мировом уровне. Он провел пять поединков, одолев соперников из Армении, Кот-д’Ивуара, Эквадора и Ирана, и лишь в полуфинале уступил атлету из Омана. Масштаб соревнований впечатляет: почти 1000 участников из 119 стран. Подробнее в сюжете!

ПРАВОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ — ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ

В районе Жибек жолы города Тараза прошло важное и содержательное мероприятие для молодежи. В доме культуры жилого массива Акбулым был организован молодежный форум. Основная его  цель  — повышение правовой грамотности молодежи, формирование активной гражданской позиции и создание условий для участия в общественной жизни.

ПРОШЛА РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АКЦИЯ

В дворцовом комплексе «Акыртас», расположенном в Жамбылской области, прошла республиканская акция под названием «Сохраним культурное наследие вместе». Мероприятие приурочено к Международному дню памятников и исторических мест. В акции принял участие заместитель акима Жамбылской области Али Алтай, который подчеркнул особую значимость данной инициативы.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Тараз төрінде таеквондодан жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерзат Ерасылды салтанатты түрде қарсы алды. Ташкентте өткен халықаралық додада жерлесіміз Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды жүлдені салды. 16 жасар спортшы үшін бұл – әлемдік деңгейдегі тұңғыш сынақ. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, Армения, Кот-д’Ивуар, Эквадор және Иран өкілдерін айқын басымдықпен жеңді. Тек жартылай финалда ғана Оман елінің спортшысына есе жіберді. 119 елден 1000-ға жуық спортшы бақ сынаған бәсекеде топ жару – үлкен мәртебе.

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Тараз қаласының Жібек жолы ауданында жастарға арналған маңызды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Ақбұлым алабының мәдениет үйінде жастар форумы ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық білімін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік жасау.

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ

Тараз қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2025 жылдың екінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарлары таныстырылды. Баспасөз конференциясында өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асқан жобалар сөз болды.