10 Май 2026, Вс

Жаңалықтар

ЖИТЕЛИ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

https://youtu.be/pruK37Y9oxY

25 апреля в стране с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общенациональный субботник.

АРДАГЕР ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

https://youtu.be/thTtouE_48E

Тараз қаласындағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу орталығында бірнеше буын әскери қызметкерлерінің басын қосқан ерекше кездесу өтті. Әскери бөлімге кезінде осы құрылымның қалыптасуына атсалысқан 90 жастағы отставкадағы офицер арнайы келді. Құрметті қонақты бөлім ұжымы жылы қарсы алып, оған әскери бөлім аумағын аралатты.

ЖҰЛДЫЗ ЫСҚАҚ ЖЕТІСУ ЖЫРШЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ

https://youtu.be/4mVA9_ea0YM

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өнертанушы Жұлдыз Ысқақтың «Жетісу әншілік-жыршылық дәстүріндегі Аяз Бетбаевтың орны» атты кітабының тұсаукесері өтті. Рухани шара Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

https://youtu.be/W0zkisZya4I

Жамбыл облысында екінші рет ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті. Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды

ОБЛЫС ӘКІМІ «СК ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.

САРБАЗДАР ШЫҢДАЛҒАН АЛАҢ

Түркістан төрінде ел қауіпсіздігінің тірегі болар жас буынның біліктілігі сынға түсті. Өңірде Ұлттық ұлан сарбаздарының жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді оқу-жаттығу жиыны өтуде. Бұл тек тәртіпті тексеру емес, сонымен қатар заманауи қауіп-қатерлерге қарсы шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру кезеңі. Командалық үйлесімділік пен тактикалық шеберлікке негізделген дайындық барысын тілшіміз бақылап қайтты.

ТАЗА АУЛА — ТАЗА ОЙ

Демалыс күндері қаламыздың дерлік барлық аумағында «Таза аула» акциясы өтті. Шара барысында тұрғындар мен еріктілер аумақты қоқыстан тазалап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.Толығырақ тілшіміз тарқатады.

ЖАСТАРҒА БІЛІМ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

SERPIN WAY 2.0 керуені Сыр шаһарына келіп, талапкерлерге білім алу мүмкіндіктерін таныстырды. Қозыбаев университетінің бастамасымен жүзеге асқан жоба аясында жастарға гранттар, білім бағдарламалары және қос диплом мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кездесу Абай атындағы мектепте өтіп, оған қаладағы бірнеше мектептің оқушылары қатысты.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЖАҢА СЕРПІНІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі «Студенттік ғылым – 2026» ХХVIII ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. «Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған ауқымды шарада студенттердің ғылыми жобалары мен инновациялық идеялары таныстырылды. Үздік жұмыстар көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталды.