14 Окт 2025, Вт

Uncategorized

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынның басты мақсаты – қоғамдағы қарттардың алатын орны мен рөлін ұлықтау, оларға құрмет көрсету, сондай-ақ жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру.

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнесті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімдігі, прокуратура, «AMANAT» партиясы және кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысып, кәсіпкерліктің өзекті түйткілдерін ортаға салды.

ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда Департамент жанынан құрылған «Тәлімгерлер кеңесінің» кезекті отырысы өтті. Жиында тәжірибелі ардагерлер мен мемлекеттік қызметтің қазіргі өкілдері бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Құрылыс және сәулет басқармаларының басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын таныстырды.

ТҮРКІСТАНДА VII КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістанда кредиттік кооперация саласының өкілдері бас қосып VII Кредиттік серіктестіктер форумы өтті. Бұл алқалы жиын сала мамандарының тәжірибе алмасып, серіктестік байланыстарды нығайтуына жол ашқан маңызды алаңға айналды.

ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ШАХМАТ ҮЙІРМЕЛЕРІ ДАМУДА

Түркістан қаласындағы мектептерде шахмат үйірмелері кеңінен дамып келеді. Балалардың ой-өрісін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағытталған бастама үлкен қолдау табуда. Қазіргі таңда қаладағы бірнеше мектепте шахмат сыныптары жабдықталып, балаларға кәсіби деңгейде үйретілуде. Шахматқа деген қызығушылық артып, оқушылар жарыстарға белсенді қатысып жүр.

БІЛІМ ҰЯСЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛУДЕ

Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында үстел теннисі кеңінен насихатталуда. Қаладағы білім ошақтарында арнайы үйірмелер ашылып, балалардың спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Үстел теннисі үйірмесіне қатысатын жасөспірімдер бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, шеберліктерін жетілдіруде. Оқушылардың белсенділігі жоғары, олар қалалық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

Түркістан қаласындағы №33 «Келешек» мектебінде балалар тек білім алып қана қоймай, түрлі жаңа дағдыларға да машықтануда. Оқу орнында әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді, олардың ішінде ерекше көзге түсетіні – садақ ату үйірмесі. Бұл өнер оқушыларды төзімділікке, сабырлылыққа және ептілікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, салқынқанды болуды үйретіп, мінезді шыңдайды.

СМАРТФОНСЫЗ МЕКТЕП ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде «Смартфонсыз мектеп» бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бастама Түркістан қаласындағы бірқатар білім ордаларында енгізілді. Бұл жоба оқушылардың зейінін ашуға және сабаққа барынша көңіл бөлуіне мүмкіндік беріп отыр. Сабақ басталар алдында балалар телефондарын арнайы қораптарға салады.

ӨҢІР БАСШЫСЫ ҚЫТАЙДЫҢ РЕСМИ ЖӘНЕ БИЗНЕС ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының ресми делегациясымен және инвесторлармен жүздесті. Тараптар жаңа жобаларды іске асыру, өнеркәсіп пен инфрақұрылым саласындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету және инфрақұрылым жүйесін дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта облыс әкімінің аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев қаладағы әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді және жол құрылыстарының барысын аралап, мердігерлермен кездесті.