ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
үркістан қаласында орналасқан Амфитеатрда Халықаралық жастар күні облыстық деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.
үркістан қаласында орналасқан Амфитеатрда Халықаралық жастар күні облыстық деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.
Түркістан облысында жыл басынан бері 1147 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның 188-і — мемлекеттік, 959-ы — жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Аппарат мәжілісінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров заңсыз құрылыстардың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы жартысында 180 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Бұл – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Құқықтары бұзылған тұрғындар «Е-otinish» және өзге де электронды платформалар арқылы өтініш берген.
Түркістан облысында 388 кітапхана 2025 жылғы жұмысын қорытындылады. Биыл кітап қорын толықтыру, оқырман санын арттыру және мәдени-танымдық жобаларды жүзеге асыруда ауқымды істер атқарылды. Солардың ішінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының үлесі ерекше.
Құрметті көрермен! Тап қазір сіздер тамшалайтын бейнесюжеттің бұл мәтініндегі әрбір әріпті Бақдаулет Ерланұлы тебіріне тергеніне күмәнім жоқ. Әсте әлденеге әсерлене бермейтін әріптесім диктор сөзін осылай жеткізуімді сұрады. Бақдаулеттің бұлай өтінуіне бір ғана себеп: Самғау орталығындағы отыз жасар зағип жан!
Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Рух пен Жігер жеңісі» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері, жастар мен этнос өкілдері қатысты.
Түркістан облысында биыл тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында 66 нысанның құрылысына қаржы бөлінді. Мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды. Жиынға жауапты басқарма басшылары мен мамандар қатысты.
Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
Түркістан облысы — тарихи-мәдени мұрасы бай, ашық аспан астындағы мұражай іспетті аймақ. Биылғы алғашқы алты айда өңірдің туризм саласында оң өзгерістер байқалып отыр. Туристер ағыны мен қызмет көрсету көлемі артып, жаңа демалыс орындары іске қосылды.
Күні кеше Шымкент қаласына аялдаған Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бағдарлама аясында олар ресми кездесулер өткізіп, тарихи-мәдени нысандар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты.