РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістанда «Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтысқа облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыс мәслихатының депутаты Алмас Салимов арнайы қатысты.
Түркістанда «Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтысқа облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыс мәслихатының депутаты Алмас Салимов арнайы қатысты.
Түркістанда әйелдерге психологиялық қолдау көрсетуді мақсат еткен маңызды жоба өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан “Әйелдің ішкі әлемі” жобасы әлеуметтік осал топтағы әйелдерге арналды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу жүруде. Оқу ордасының әрбір бұрышынан бастап, сынып пен жатын орындары жаңарып, білім алушыларға қолайлы кеңістік қамтамасыз етілуде.
Түркістанда мектеп психологтарына арналған маңызды семинар өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткен шара Ұлы Дала Елі орталығында ұйымдастырылды. Семинардың басты тақырыбы – жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар және олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары болды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Түркістан облысындағы базарларды аралады. Сапар ЭКО базардан басталды, кейін «Жауғашты» мен «Қуаныш» базарларына барды. Әрбір нысанда қауіпсіздік, сауда орындары мен кәсіпкерлерге жасалған жағдайлар зерделенді.
Түркістан облысында автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қолға алынуда. Аймақта көліктік бақылауды күшейтіп, жүк көліктерінің шамадан тыс салмақпен жүруіне жол бермеу үшін автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жиында облыс әкімі нақты тапсырмалар беріп, заңсыздыққа жол берілмейтінін атап өтті.
Түркістан қаласында ерекше рух пен сергектікке толы «Толағай» сайысы өтті. Шара «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» «Белсенді ұзақ өмір» бірінші филиалында ұйымдастырылды. Байқау салауатты әрі белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Түркістан облысында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде атқарылуда. Бұл жұмыс – өңірдегі ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудың басты тетігі.
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай Түркістанда қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылуда. Облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған бұл шара 19-28 тамыз аралығында өтеді.
Түркістан облысының Шардара ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бас су торабындағы мәселелер шешіліп, жағдай бақылауда. Арнайы штаб құрылып, сала мамандары нақты шараларды іске асыруда.