Түркістанда әлемнің жетекші дәрігерлері мен ғалымдары бас қосты. 25–26 қыркүйек күндері өткен II Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына арналды. «Балалар ауруларын емдеудегі сарапшылардың пәнаралық консенсусы» атты алқалы жиынға Қазақстаннан бөлек Ресей, Орталық Азия елдері, Түркия, Қытай, Еуропа және АҚШ-тан білікті мамандар келді.
Түркістан қаласында алғаш рет халықаралық деңгейдегі «Қолөнершілер орталығы» өз жұмысын бастады. Бұл орталық бір шаңырақ астына 7 елден келген қолөнер шеберлерін тоғыстырып отыр. Аталған бастама ұлттық мәдениет пен дәстүрлі өнерді дамыту, сондай-ақ халықаралық мәдени ынтымақтастықты арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Түркістан қаласында мектеп оқушыларға арналған кәсіби бағдарға арналған іс-шара өтті. Яссауи колледжінің аспаздық іс мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері мектеп оқушыларына тәжірибелік сабақ көрсетті. Мастер-класс барысында оқушылар тағам әзірлеудің қыр-сырымен танысты.
Түркістанда облыс әкімдігі мен прокуратура, сондай-ақ экономикалық тергеп-тексеру және өзге де бақылау-қадағалау органдарының қатысуымен кәсіпкерлермен кеңейтілген кездесу өтті. Басқосуда кәсіпкерлікті қорғау, бизнесті дамыту және мемлекеттік органдардың есептілігін арттыру мәселелері талқыланды. Жиын «Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні» аясында ұйымдастырылды.
Қалалық Жастар ресурстық орталығы есепте тұрған мектеп оқушыларына тарихи музейлерге экскурсия ұйымдастырды. Шара жасөспірімдердің білім көкжиегін кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ұлттық инженерлік академия президенті Бақытжан Жұмағұлов бастаған ғалымдармен кездесті. Басқосуда ғылым жетістіктерін өндірісте пайдалану және аймақтың даму әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Әсілбай Айтжановты еске алу шаралары ұйымдастырылды. Шара аясында жасөспірімдер арасында спорттық турнир өтіп, ас берілді. Сондай-ақ, ардагердің аты берілген көше салтанатты түрде ашылды.
Түркістан қаласында Қуаныш базарының 30 жылдық мерейтойына орай кіші футболдан ерекше турнир ұйымдастырылды. Додаға базар қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысты.
ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Түркістан қаласында көшпелі кеңейтілген Төралқа отырысын өткізді. Маңызды жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті. Отырыс «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына арналды.
Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған шағын гранттарды жүзеге асырудың екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Осыған орай, Түркістан қаласында 2025 жылы іске асырылған әлеуметтік жобалар галереясы өтті.