14 Окт 2025, Вт

Uncategorized

«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Таң сәріден Полиция департаментінің мамандары сот орындаушылармен бірлесіп қаламызда “БОРЫШКЕР” жедел-профилактикалық шара жүзеге асыруға кірісті. Аталған іс-шара қала прокуратурасының бастамасымен қолға алынып, борышкерлерді анықтау және салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында өткізілуде. Толығырақ әріптесім тарқатсын.

ТҮРКІСТАН – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

Түркістан қаласында халықаралық қазақ-корей «Woosong University Kazakhstan» ІТ университеті ресми түрде ашылды. Жаңа оқу орны – ел жастары үшін заманауи білім алуға және халықаралық тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік. Бұл университет Түркістанды білім мен ғылымның жаңа орталығына айналдыратын маңызды бастама болып отыр.

БӘЙДІБЕКТІК ЖАС МАМАННЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Түркістан облысында білім беру саласында жас мамандардың еңбегі ерекше бағалануда. Солардың бірі – Балнұр Талғатқызы. Ол Шымкент қаласында білім алып, бүгінде Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы мектепте жұмыс істейді. Жас маманның еңбек өтілі екі жылға жуықтаса да, тәжірибелі ұстаздардың айтуынша, өз кәсібіне адалдығымен көзге түсуде.

ЖАҢА ЗАМАНҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚУ ОРДАСЫ

Түркістан қаласында ашылған 7-11 сынып оқушыларына арналған Көшбасшылар мектебі – заманауи талаптарға сай, ерекше үлгіде салынған білім ордаларының бірі. Бұл мектеп – болашақта ел тізгінін ұстайтын, ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті жас көшбасшыларды тәрбиелеуді мақсат етеді.

ОҚУШЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАЙТЫН ҮЙІРМЕЛЕР

Түркістан қаласында оқушылардың тек білім алумен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты дамуына зор мүмкіндік жасалған. Әрбір мектепте түрлі үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істеп, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жол ашып отыр. Үйірмелерге білім алушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, өздерінің жаңа қырларын танытып келеді.

БӘЙДІБЕКТЕГІ 63 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР КІТАПХАНА

Бәйдібек ауданының Шаян ауылында Мұхтар Әуезов атындағы IT мектеп-лицейінде заманауи кітапхана жұмыс істеп тұр. Мұнда 26 мыңнан астам кітап қоры жинақталған. Оқушылар мен ұстаздар әлемнің кез келген әдебиеті мен оқулықтарына қол жеткізе алады.

КӨРКЕМ КЕЙІПКЕ ЕНГЕН МЕКТЕП

Бәйдібек ауданының шаян ауылында орналасқан «шаян» мектеп-лицейі өткен жылы толық реновациядан өтті. Жөндеу жұмыстары аясында білім ошағының іші мен сырты жаңарып, жаңа келбетке ие болды. Мектеп ауласында спорт алаңшалары салынып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды. Жобаның мақсаты – ауыл балаларына заманауи білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

БӘЙДІБЕКТІК ОҚУШЫЛАР РОБОТОТЕХНИКАНЫ МЕҢГЕРУДЕ

Бәйдібек ауданының Шаян ауылындағы «Шаян» мектеп-лицейінде жаңа үлгідегі кабинеттер іске қосылды. Мұнда 5-8 сынып аралығындағы оқушылар STEM бағытында білім алуда. Оларға робототехника және заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған кабинеттерде сабақ өтіледі. Жаңа мүмкіндіктер оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда.

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ДАМУДА

Түркістан облысында спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде өңірде мемлекеттік және жекеменшік спорттық ұйымдарда жүз мыңнан астам спортшы тегін жаттығып жүр. Олардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің үлесі жылдан жылға артып келеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да спортпен айналысуға жағдай жасалған. Өңірдегі спорттық инфрақұрылым кеңейіп, жаңа нысандар бой көтеруде.