10 Май 2026, Вс

Uncategorized

ТАЗАЛАҚТЫ ЖАНЫ СҮЙЕТІН ЖАСТАР

Түркістанда табиғатты аялау мен қауіпсіздікті сақтау бағытында тың бастама жүзеге асуда. Жастар қоршаған ортаны тазартып қана қоймай, пайдалы біліммен қарулануда. Суға шомылуға тыйым салынған аймақтарда тәртіп пен сақтықты насихаттау да басты назарда.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпке бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Өткен аптада облыс аумағында 200-ден астам тазалық акциясы өткізіліп, Шардара жағажайы бойынша бірқатар реттеу шаралары қабылданған. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мәлім болды.

ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ – ӘР АЗАМАТҚА ТЕҢ МҮМКІНДІК

Қаламызда тұрғын үй саясатына қатысты жаңа ереже күшіне енді. 24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй кезегін басқару «Отбасы банк» акционерлік қоғамының құзырына енген болатын. Осыған байланысты баспаналы болу бұрынғыдан да ашық әрі қолжетімді.

ТӨЛЕБИДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, аудан активімен кездесті. Жиында өңірдің экономикалық, туристік және инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру жолдары сөз болды. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қайырымдылық қоры табыстаған бұл үй – қордың 50-ші игі жобасы. Ардагер Арман Ахлиддинов пен жұбайы Ленаға тарту етілген баспана – өмірдің қиындығына мойымаған жандарға арналған үлкен қолдау.

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАР РУХАНИ ӘЛЕМГЕ БОЙЛАДЫ

Түркістан төрінде тағылымды тәліммен астасқан жазғы лагерь жұмысын бастады. Жас буынның жүрегіне иман ұялатқан бұл шара – рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Балалар біліммен қатар ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, салт-дәстүрмен сусындауда.

БАТЫСТЫҚ БАЛАЛАР ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН БІЛГІСІ КЕЛЕДІ

Түркістанның тасы ерекше энергия береді. Бұл «Қуаныш» лагерінде демалып жүрген батыстық балалардың сөзі. Олар жазғы демалысты киелі мекенде өткізуге ат терлетіп Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сынды қалалардан келген. Тіпті аз уақыт ішінде Түркістанның тарихыменде танысып үлгеріпті.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАП ҚАЙТТЫ

Төлеби ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудандағы мектеп, тұрғын үй және колледж ғимараттарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы нысандардың сапасы мен уақытында пайдалануға берілуіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ПЕН ИНВЕСТОР ТИМУР ТУРЛОВ ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер әрі қаржыгер, «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы Тимур Турловпен кездесті. Басқосуда өңірде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, соның ішінде ІТ саласы мен жаңа технологияларды енгізу мәселелері сөз болды.

МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАРИХ ТОҒЫСҚАН ОРЫН – «СӘУЛЕТ КӨРКЕМ »  МУЗЕЙ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі – еліміздегі тарихи-мәдени нысандардың бірі. Бұл музей — ұлттық қолөнер мен өңір тарихын ұрпаққа жеткізетін бірегей рухани орда. Музейдің іргетасы кеңес дәуірінде қаланған.