10 Май 2026, Вс

Uncategorized

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАРҒА ШАРА КҮШЕЙЕДІ

2025 жылдың 22 шілдесінен бастап Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы аумағында 30 күнге созылатын тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл шара Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен қолға алынуда. Тексеру барысында салықтық тәртіпті сақтау, көлеңкелі экономиканың алдын алу және заңсыз кәсіпкерлікпен күрес басты назарға алынбақ.

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ

Елімізде 2024 жылдан бастап іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жас ұрпақтың болашағына бағытталған маңызды жоба. Қаржы жинақтары арқылы әр бала – өз арманына бір қадам жақындай түседі. Соның бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1-курс студенті Ақжан Қуан – бағдарламаны өз кәдесіне жаратқандардың бірі.

«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС ОРНАТУДА

Түркістан облысында “RESPUBLICA” партиясының өңірлік филиалы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмысты жаңа деңгейге шығаруда. Партия мен жергілікті журналистер арасындағы тығыз байланыс – аймақтағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің ашық талқылануына, сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы көпір рөлін атқаруға мүмкіндік беріп отыр.

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында болып, өңірдегі ғылыми-экологиялық жобалармен танысты. Президент кеңесшісін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қарсы алып, жергілікті бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

ШАРДАРАДА 550 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Ауқымды жоба іске қосылғанда 550 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

КОРЕЯ ТӨРІНДЕ КӨК ТУ ЖЕЛБІРЕДІ

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық таэквондо турнирінде қазақ балаларының қайсар рухы мен қайтпас ерік-жігері тағы бір мәрте дәлелденді. Әлемнің әр қиырынан жиналған мықтылар арасында Түркістан қаласының жас өрендері шеберлігімен, батылдығымен дараланып, ел абыройын асқақтатты.

ТУРИСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен санитарлық тазалығына қатысты бақылау күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен апталық аппарат жиынында айтылды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров туристік инфрақұрылымды жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

ӨНЕРГЕ ӨРІЛГЕН ӨМІР — БИ ҮЙІРМЕСІНДЕГІ БАЛА АРМАНЫ

Түркістанда жастардың жан-дүниесін тербетіп, өнерге деген құштарлығын оятқан ерекше үйірме жұмыс істейді.Заманауи және халық билерін тоғыстырған бұл орталық — өнерге алғашқы қадам жасағандардың мекені.Жеткіншектер бұл жерде тек билеп қана қоймай, тәрбие мен тәртіпті қатар бойына сіңіреді.

ӨЗІНДІК КІРІСТЕР ӨСІМІ – БЮДЖЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Түркістан облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджетке түскен кірістер көлемі айтарлықтай артқан. Облыс бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түскен қаражат есебінен жоспар 116,7 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен апталық мәжілісте айтылды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін орындауда республика бойынша көшбасшылар қатарынан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жол картасы мен 2025 жылға арналған негізгі индикаторлардың орындалуы сараланды.