Түркістан облысы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада 1-орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118%-ды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде мәлім болды.
Түркістандық жасөспірімдер тек оқу озаты ғана емес, өнер мен шығармашылықта да биіктен көрініп келеді. Солардың бірі – Дария Сарсенбай. Ол оқушылар сарайындағы би үйірмесіне қатысып, таланты мен еңбегінің арқасында көзге түсіп жүр.
Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Абысын-ажын» атты облыстық байқау өтті. Шараны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы мен Шардара аудандық «Арулар» әйелдер кеңесі ұйымдастырған.
Қазіргі таңда халықтың 83 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Алайда 3,3 миллионға жуық азамат жүйеден тыс қалып отыр. Осыған орай мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Ендігі міндет – әлеуметтік осал топтар мен ресми жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен төлеу.
Соңғы жылдары Түркістанның қоғамдық көлік жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Қала көшелерінде сапалы қызмет көрсететін заманауи автобустар қатынап, жолаушыларға жайлылық пен қауіпсіздік қамтамасыз етілуде. Электронды төлем жүйесі енгізіліп, цифрландыру қарқыны артып келеді.
Түркістан қаласында мәдениет, спорт және тарихи мұра бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қалаға ерекше мәртебе берілуіне байланысты бірнеше жаңа мекемелер құрылып, мәдени инфрақұрылым нығайтылуда. Сонымен қатар, бұқаралық спорт пен жас ұрпақтың ұлттық тәрбие мен өнерге бет бұруына басымдық берілуде.
Түркістан облысында құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтіліп, нақты нәтижелер беруде. Облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қоғамдық қауіпсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бейнебақылау жүйесін жетілдіру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері қаралды. Жиын облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өтті.
Түркістан облысында салықтық түсімдер мен өзіндік кірістерді арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің экономикалық көрсеткіштері сараланды. Өткен жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 4,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 8 пайыздық өсімді көрсетеді.
Түркістандық жасөспірімдер тек білімде ғана емес, спортта да жетістікке жетіп жүр. Солардың бірі – Аян Тынысбек. Ол оқушылар сарайындағы таэквондо үйірмесіне қатысып, түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.
Түркістан қаласында көлік қозғалысын жеңілдету және жүк көліктерінің қала ішінен өтпеуін қамтамасыз ету мақсатында айналма жол салу жұмыстары басталмақ. Жобаны жүзеге асыруға Қытайдың ірі құрылыс компаниясы қатысады. Бұл — екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нақты нәтижесі.