10 Май 2026, Вс

Uncategorized

САЙРАМ ӨГЕМДЕ АДАСКАН ЕКІ ЖАСӨСПІРІМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде екі жасөспірім турист адасып, құтқарушылардың көмегімен аман-есен табылды. Құтқару операциясы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылынан 20 шақырым жердегі тік жартасты аумақта жүргізілді. Зардап шеккендердің бірімен байланыс үзіліп қалғанымен, геолокациясы анықталып, жедел әрекет жасалды.

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АБАҚТЫҒА АТТАНДЫ

Республикамыздың бірқатар өңірінде «Chia Tai Pharmaceutical» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді. Сондай-ақ, қара ниетті қара тірлікке қатысы бар адамдар сот алдында жауап беріп жатыр. Алаяқтыққа құрылған қаржылық схема көптеген азаматтардың қалтасына қастандық жасап, миллиондаған шығын келтірген.

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ САЛҒЫРТТЫҚ – АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

2025 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облысы аумағында 203 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Өкінішке қарай, тілсіз жау үш адамның өмірін жалмап, тағы төртеуі түрлі жарақат алған. Мамандар өрттің алдын алу үшін ең алдымен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып отыр.

СИРЕК ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР АРНАЙЫ ЗАЛДА ЭКСПОЗИЦИЯЛАНДЫ

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында жаңа экспозициялық кеңістік жасақталды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты, кейбір құнды жәдігерлер арнайы залда көпшілікке ұсыныла бастады.

КІТАП ОҚЫ ДА, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

Түркістанда үздік оқырмандарға арналған арнайы сыйлықтар дайындалып жатыр. Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жаз бойы белсенді оқырмандарды іріктеп, тамыз айының соңында бағалы сыйлықтар табыстауды жоспарлап отыр.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өңірлік Жол картасына енген ірі спорт нысандарына бақылау жүргізді. Қаланың бірнеше аумағында салынып жатқан кешендердің құрылыс барысын арнайы комиссия мүшелері мен мәслихат депутаттары аралап көрді.

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ – ТАЛАПТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде өтіп келеді.Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті қабылдауын өткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Қабылдауға бірнеше аудан, қала тұрғындары келіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді.

ТАБИҒАТ ПЕН РУХАНИЯТ ТОҒЫСҚАН СӘТ!

Қазақ даласының інжу-маржаны – Қаратау қорығына еліміздің саяси басшылық құрамынан мәртебелі меймандар табан тіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістан өңіріне арнайы сапары аясында Қаратаудың баурайына барып, табиғаттың тылсым сырын бойына жасырған Қаратау қорығымен танысты. Экс-министрмен қоса Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бұл сапарда өңірдің биік рухы мен бай табиғатына терең бойлады.

ЖАС СПОРТШЫ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп – сапалы білім беріп қана қоймай, өнер мен спортта да үздіктерді тәрбиелеп келе жатқан білім ордасы. Бүгінде бұл мектептен түлеп ұшқан түлектердің көбі республикалық деңгейде танылып жүр. Биыл мектепті 29 оқушы тәмамдаса, олардың барлығы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, 3 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал спорт бағыты бойынша Мағжан Байдулла – ерекше мақтаныш.